Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Мұсаділов мексикалық қарсыласын 43 секундта нокаутқа жіберді (видео)

Опубликовано:

Серік Мұсаділов
Серік Мұсаділов. Фото: instagram.com/serikmussadilov

"Панда" лақап атымен танылған қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (7-0, 7 КО) кезекті жеңісіне нокаутпен жетті деп хабрлайды Sports.kz.

Серік Мұсаділов АҚШ-тың Флорида штатындағы Хайалиа қаласындағы бокс кешіне қатысқан. Алты раундқа жоспарланған кездесуде отандасымызға мексикалық Даниэль Нахер (9-5-1, 4 КО) қарсылас болған.

Кездесу алты раундқа жоспарланғанымен, жекпе-жек 43 секундта Серік Мұсаділовтың жеңісімен аяқталды.

Қарсылас есін жинауы үшін оған тіпті орындық керек болған.

Осылайша, Серік үшін бұл кәсіби рингтегі сегізінші жеңісі болып отыр. Айта кетейік, ол кездесуінің барлығын нокаутпен аяқтаған. Ал Даниэль Нахер кәсіби мансабында алтыншы рет жеңіліп отыр.

Еске сала кетсек, орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Лас-Вегастағы The Bubble MGM Grand кешенінде өткен бокс кешінде аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6 KO) нокаутпен ұтқан болатын.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы WBC Continental Americas және WBO Global орта салмақтағы титулдарын қорғап қалды.

Осы орайда Top Rank промоутерлік компаниясы YouTube желісіндегі арнасында өткен жекпе-жектің ең жақсы сәттерін бейнелейтін видеоны ұсынып, Әлімханұлының жойқын соққысы жылдың үздік нокаут атағына үміткер бола алатындығын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1885792-serik-msadilov-meksikalyk-karsylasyn-43-sekundta-nokautka-ziberdi-video/

pixel