RU

"Барыс" "Салават Юлаевтан" ойсырай жеңілді (фото)

Хоккей
Фото: hkbarys.kz

Астаналық "Барыс" хоккей командасы Ресейдің Уфа қаласынан келген "Салават Юлаев" клубынан ойсырай жеңілді. Кездесудің қорытынды есебі "Салаваттың" пайдасына 4:1 болды.

Матч Құрлықтық хоккей лигасы аясында өтті деп жазады Sports.kz. "Барыс" сырт алаңда Уфа қаласында ойнады.

Ойынның басында қазақстандықтар бірінші болып есепті ашқанымен, көп ұзамай жауапты шайбаны жіберіп алды. Одан кейінгі ойын минуттарында қазақстандықтар бірде-бір гол соға алмады.

Хоккей
Фото: hkbarys.kz

"Салават Юлаев" екінші кезеңде екі және үшінші кезеңде бір нәтижелі шабуыл жасады. Нәтижесінде Уфа командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл "Барыс" командасының ҚХЛ-дағы қатарынан төртінші рет жеңілуі.

Еске салсақ, бұған дейін біз "Барыс" хоккей клубында коронавирус жұқтырудың 12 жағдайы анықталғанын жазған едік. Құрлықтық хоккей лигасы қазақстандық "Барыстың" алты ойыны кейінге шегерілгенін ресми түрде мәлім етті.

Хоккей
Фото: hkbarys.kz

Одан бөлек, Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар Лигасының топтық кезеңіндегі шешуші матчта Литвадан жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз. Осылайша, Қазақстан топтағы соңғы орынға ие болды. Енді отандық футболшылар С лигасында басқа топтардан жеңілгендердің бірімен ойнайды.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы матчта Албаниядан жеңіліп қалғанын жазғанбыз. Қазақстан мен Албания арасындағы матч 3: 1 есебімен аяқталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1885868-barys-salavat-ulaevtan-ojsyraj-zeildi-foto/