Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен DAZN арасындағы 100 млн долларлық келісімшарт қайта қаралмақ

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Rich Polk/Getty Images for Chivas Regal

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN стримингтік сервисімен қолданыстағы келісім-шарт талаптарына қатысты келіссөздер жүргізуде. Сервис GGG-дің жекпе-жек үшін алатын гонорарын азайуға ниетті.

Сауль Альварес енді DAZN келісім-шарт ақысын қайта қарау үшін жүгінген жалғыз бокс жұлдызы емес.

The Athletic басылымының жазуынша, қолданыстағы келісім-шарт бойынша Геннадий Головкин алты жекпе-жектен 100 млн доллар (42,78 млрд теңге) табыс табуы керек болған. Кездесудің үшеуі өтті.

Камил Шереметпен болатын кездесу алдында DAZN Головкинге келісім-шарт талаптарын қайта қарау туралы өтініш жасаған. Ол нәтижеге қарамастан, жекпе-жектің әрқайсысы үшін 15 миллион долларға (6,41 миллиард теңге) кепілдендірілген төлем алуға құқылы.

Басылымның хабарламасын инсайдер Майк Копинджер өзінің "Твиттерінде" жария етті.

Еске сала кетсек, танымал спорттық журналдың шолушылары келесі жылдың бірінші жартысында қазақстандық Геннадий Головкиннің кімдерден жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты. Олар нақты есімдерді атады.

"Головкин әлем чемпионы титулының міндетті қорғанысын өткізген соң тағы бір үлкен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Ол Сауль Альвареспен, Хайме Мунгиеямен, Билли Джо Сондерспен немесе Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасуы әбден мүмкін", - деді The Athletic журналының шолушылары.

Олардың пікірінше, бұл жекпе-жектер алдағы жылдың бірінші жартысында өтуі әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1885926-golovkin-men-dazn-arasyndagy-100-mln-dollarlyk-kelisimsart-kajta-karalmak/

pixel