Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызылжар" футбол клубының бұрынғы бапкері коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/fcqyzyljar

Петропавлдық "Қызылжар" футбол клубының бұрынғы жаттықтырушысы Никола Спасов 62 жасында қайтыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы хабар туралы KazFootbal.kz сайты хабарлады. Онда болгариялық маманның 3 апта бойы емделгені айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Никола Спасовтан коронавирус анықталған болатын.

Спасов "Қызылжарды" 2018 жылы жаттықтырған. Оның басшылығымен команда 12 турдың матчына қатысқан.

Спасов баркерлік қызметке дейін футболшы болған.

Мансабында Болгария чемпионы атанғанын жаркүйерлер қауымы жақсы біледі. Сонымен қатар бапкер ретінде де ол Болгария Кубогы мен Болгария Суперкубогын жеңіп алған.

Ал "Қызылжар" клубы әлеуметтік желідегі парақшасында бапкердің қазасына байланысты көңіл айтып, марқұм тек білікті маман ретінде ғана ұжым есінде қалатынын жеткізді.

Айта кетесек, өткен тәулікте елімізде коронавирустан жеті адам қайтыс болған. Ал оның белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар жоқ. Жалпы пандемия басталғалы бері Қазақстанда 129 182 адамнан коронавирус анықталып, 1990 адам көз жұмған. 112 806 адам жазылып шыққан.

Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы Еуропада коронавирус инфекциясының үшінші толқыны болуы мүмкін екенін ескертті.

Ұйымының өкілі Дэвид Набарроның айтуынша, егер олар қажетті инфрақұрылымды салмаса, келесі жылдың басында үшінші толқынның болуы әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1886052-kyzylzar-futbol-klubyny-bryngy-bapkeri-koronavirustan-kajtys-boldy/

pixel