RU

Елеусінов чемпиондық белбеу үшін жақында рингке оралмақ (фото, видео)

Данияр Елеусінов
Фото: yeleussinovdaniyar

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 28 қарашада намибиялық боксшы Джулиус Индонгомен жекпе-жекке шығатынын мәлім етті.

Спортшы жекпе-жекке арналған постерлер мен бейне хабарландыруларды өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Бұл жолы Данияр Елеусінов шаршы алаңда Намибия боксшысымен кездеспек. Индонго - жартылай орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы.

Қазақстандықтар жекпе-жекті 28 қараша күні таңертең АҚШ-тан тікелей көрсетілім арқылы тамашалай алады.

Бұл жаңалықты көрген желі қолданушылары боксшыға сәттілік тілеп, мақтауларын жаудырды.

"Сәттілік батыр", "Алғашқы лайықты қарсылас", "Жеңіс сіздікі", "Біз саған сенеміз", "Намысты қолдан берме", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Еске сала кетесек, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2019 жылы желтоқсан айында америкалық боксшы Алан Санческе қарсы өткізіп, оны нокаутқа түсірген еді.

Ал таяуда "Панда" лақап атымен танылған тағы бір отандасымыз кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Серік Мұсаділов мексикалық қарсыласы Даниэль Нахерді нокаутпен жеңген болатын.

Сонымен қатар әйгілі отандасымыз Геннадий Головкин мен DAZN стримингтік сервисі арасындағы 100 миллион долларлық келісімшарт қайта қаралатынын жазған едік.

Қолданыстағы келісімшарт талаптарына қатысты келіссөздер жүргізілуде. Сервис GGG-дің жекпе-жек үшін алатын гонорарын азайуға ниетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1886092-eleusinov-ibf-inter-continental-cempiondyk-belbeui-sin-zekpe-zekke-sygady-foto-video/