RU

Әйгілі футболшы Диего Марадона қайтыс болды

Диего Марадона
Фото: © AFP 2020 / ALEJANDRO PAGNI

Аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона қайтыс болды. Әйгілі спортшы 60 жасында өмірден озды.

Аты күллі әлемге танымал футболшының қазасы туралы аргентиналық TN телеарнасы хабарлаған.

1986 жылы футболдан әлем чемпионы атанған Диего Марадона 60 жасында өмірден өткен. 30 қазан күні ол соңғы рет туған күнін атап өтті.

Clarin атты аргентиналық басылымның ақпаратынша, Марадона Буэнос-Айрестегі Тигре қаласында өз үйінде қайтыс болған. Әлемдік футболы жұлдызының жүрегі тоқтап қалған.

Белгілі болғандай, 25 қараша күні таңғы уақытта Марадона өздігінен демала алмай, аяқдопшының жүрек соғысы тоқтап қалды. Дәрігерлер қолынан келгенін бәрін істеді. Алайда, аңыз спортшының өмірін сақтап қала алмады.

РИА Новости басылымының хабарлауынша, белгілі спортшы 30 қазан күні медициналық тексерістен өту үшін ауруханаға жеткізілген. Алайда, кейін оған миына ауыр ота жасалғаны мәлім болды.

Марадона емханадан 12 қараша күні шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1886511-jgili-futbolsy-diego-maradona-kajtys-boldy/