Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диего Марадонамен қоштасу орны мен уақыты хабарланды

Опубликовано:

Диего Марадона
Фото: globallookpress.com / FrankHoermann / SVEN SIMON

Әйгілі футболшы Диего Марадонамен қоштасы Аргентина сарайларының бірінде таңғы 6-да басталады деп жазады ren.tv.

Аргентинадағы Каса Росада президент сарайында аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонамен қоштасу рәсімі бейсенбі күні 26 қарашада жергілікті уақытпен таңғы 6-да (Астана уақытымен 15:00) басталады. Бұл туралы Аргентина президенті әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарламасында айтылды.

Футболшының туыстарының өтініші бойынша қоштасқысы келетіндерді қабылдау сағат 16:00-де (Астана уақытымен 01:00) аяқталады.

Қазіргі уақытта сарайдың алдына көптеген адамдар жиналып жатыр; ғимаратта аза тұту лентасы ілулі тұр.

Еске салайық, Диего Марадона 25 қарашада 60 жасында қайтыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның жүрегі соқпай қалған, өкпе ісінуі де тіркелген. Кейбір мәліметтер бойынша, футболшы соңғы сөзінде "өзін жайсыз сезінетінін" айтқан. Таңғы астан кейін ол туыстарына демалғысы келетінін алға тартыпты. Марадона жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кетіпті.

Аргентина президенті Альберто Фернандес Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны Диего Марадонаның қазасынан кейін елде үш күндік аза тұту жариялады. Сонымен қатар ол өзінің жұмыс сапарларын тоқтатты. Бүкіл елде мемлекеттік тулар түсіріліп, ойын-сауықтар тоқтатылды. Теледидар арналары футбол жұлдызының өмірі, мансабы және жеңістері туралы әңгімелеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1886536-diego-maradonamen-kostasu-orny-men-uakyty-habarlandy/

pixel