Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марадонаның өлер алдындағы соңғы айтқан сөзі белгілі болды

Опубликовано:

Диего Марадона
Диего Марадона. Фото: Marcelo Endelli/Getty Images

Аргентиналық футболшы Диего Марадона таңғы астан кейін өзін жайсыз сезінген. Ол туыстарына демалғысы келетінін айтыпты деп хабарлайды TN телеарнасы.

Диего Марадона 25 қарашада Буэнос-Айрестегі Сан-Андрес ауданында орналасқан үйінде оянған. Таңғы астан соң ол жиені Джонни Эспозитоға өзін нашар сезініп тұрғанын, демалғысы келетінін айтқан.

"Жағдайым жақсы емес", - депті Марадона төсегіне бармас бұрын.

Ер адамның айтуынша, ағасының өңі бозданып, денесі суық болған.

Кейінірек, Марадонаға отадан кейін қарап жүрген дәрігер, медбике мен психолог футболшыны тексерген.

Олар жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем көлігі келгенімен, футболшының жүрегі тоқтап қалған. Ақ халаттылар оны құтқаруға қанша тырысқанымен бұл мүмкін болмапты.

Телеарнаның хабарлауынша, Марадона соңғы уақыттарда күйзеліске түскен көрінеді. Ол өз ата-анасын, әсіресе анасы Донье Тотаны қатты сағыныпты.

Қазіргі таңда Марадонаның өлімін төрт прокурор тексеріп жатыр.

Еске сала кетейік, әлемге әйгілі футболшы кеше, 25 қарашада қайтыс болды. Оның өлімінің алдын ала себебі инфаркт болды деп болжанған болатын.

Сондай-ақ Аргентина президенті Альберто Фернандес Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны Диего Марадонаның қазасынан кейін елде үш күндік аза тұту жариялады. Сонымен қатар ол өзінің жұмыс сапарларын тоқтатты.

Бүкіл елде мемлекеттік тулар түсіріліп, ойын-сауықтар тоқтатылды. Теледидар арналары футбол жұлдызының өмірі, мансабы және жеңістері туралы әңгімелеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1886537-jgili-diego-maradonany-ler-aldyndagy-sogy-ajtkan-szi-belgili-boldy/

pixel