Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неапольде Марадонаның құрметіне отшашу ұйымдастырылды (фото, видео)

Опубликовано:

Диего Марадона
Фото: twitter.com/SquawkaNews

Италияның Неаполь қаласында "Наполи" футбол клубының жанкүйерлері 25 қарашада өмірден өткен Диего Марадонаны еске алды. Жергілікті тұрғындар майшамдар мен футболшының суретіне гүлдер әкеліп, отшашу ұйымдастырған.

Аргентиналық футболшы "Наполи" құрамында 1984-1991 жылдары аралығында өнер көрсеткен. Команда сапында Марадона екі мәрте Италия чемпионы титулын, Италия Кубогы мен Суперкубогын және УЕФА Кубогын жеңіп алған.

Неаполь тұрғындары сүйікті спортшыларын еске алып, шам жағып, Марадонаның құрметіне отшашу шашты.

Ал Неаполь мэрі Луиджи де Маджистрис Twitter парақшасында "Сан-Поло" стадионына Диего Марадонаның есімі берілетінін хабарлады.

Еске сала кетейік, Аргентина президенті Альберто Фернандес Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны Диего Марадонаның қазасынан кейін елде үш күндік аза тұту жариялады. Сонымен қатар ол өзінің жұмыс сапарларын тоқтатты.

Бүкіл елде мемлекеттік тулар түсіріліп, ойын-сауықтар тоқтатылды. Теледидар арналары футбол жұлдызының өмірі, мансабы және жеңістері туралы әңгімелеуде.

Айта кетейік, аңыз спортшының өлер алдындағы соңғы сөзі қандай болғаны белгілі болды.

Диего Марадона 25 қарашада Буэнос-Айрестегі Сан-Андрес ауданында орналасқан үйінде оянған. Таңғы астан соң ол жиені Джонни Эспозитоға өзін нашар сезініп тұрғанын, демалғысы келетінін айтқан.

"Жағдайым жақсы емес", - депті Марадона төсегіне бармас бұрын.

Ер адамның айтуынша, ағасының өңі бозданып, денесі суық болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1886615-neapolda-maradonany-krmetine-otsasu-jymdastyryldy-foto-video/

pixel