RU

Аргентинада Марадонаны ақтық сапарға шығарып салу кезінде шу шықты (видео)

Тәртіпсіздік
Фото: picture alliance / Contributor / Getty Images

Аргентина астанасында футбол аңызы Диего Марадонамен қоштасу күні тәртіпсіздіктер орын алды. Полиция дүрбелеңге қатысушыларға күш қолданды.

Тәртіпсіздіктердің басталуына қайтыс болған футболшының жанкүйерлерінің Буэнос-Айрестегі президент сарайында қоштасу рәсіміне үлгермей қалудан қорқуы себеп болды деп хабарланды.

"RT на русском" Telegram-каналы жазуынша, Марадонаның жанкүйерлері билік рәсімнің уақытында аяқталатынын жариялағаннан кейін наразылық білдіре бастапты.

Шамамен 9 сағатқа созылған қоштасу рәсіміне келуші азаматтардың легі азаймаған.

Тәртіпсіздіктер қала орталығынан басталып, полициямен қақтығысқа ұласты.

Тәртіп сақшылары дүрбелеңге қатысушыларға қарсы күш пен арнайы құрал қолданды: жергілікті TN телеарнасында көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқ қолданғаны туралы айтылды.

Көп ұзамай Диего Марадонаның денесі салынған табытты қауіпсіздік мақсатында сарайдан шығаруға шешім қабылданды, деп жазады Clarin.

Тәртіпсіздіктер кезінде билік қоштасу рәсімі барлық қайғыға батқан жанкүйерлер өзінің кумирімен қоштасуға үлгеруі үшін ұзартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

RT, сонымен қатар азаматтар мен тәртіп сақшылары арасындағы қақтығыстар кезінде оператор мен басылым тілшісі жарақат алғанын хабарлады: біріншісі резеңке оқтан, ал екіншісі тастан жарақаттанған.

Екі қызметкердің де алған жарақаттары ауыр емес екендігі нақтыланды.

Аргентинаның ішкі істер министрі Вадо де Педро Буэнос-Айрес мэрі Орасио Лареттуға және астананың вице-мэрі Диего Сантильиге өзінің Twitter-дегі жазбасында өтініш жолдады.

Ол шенеуніктерді қалалық полиция тарапынан жиналған жанкүйерлерге қатысты "ессіздіктерін тоқтатуға" шақырды.

Еске салсақ, әлемге әйгілі футболшы 25 қарашада қайтыс болды. Марадонаның өлер алдындағы соңғы айтқан сөзі жария етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1886746-argentinada-diego-maradonamen-kostasu-kezinde-trtipsizdikter-oryn-aldy-video/