Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарақат алған қарсыласын кілемнен көтеріп шығарған балуан елді сүйсінтті (фото, видео)

Опубликовано:

Спортшылар
Скриншот: kazakhstan__wrestling

Күрестен Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында қарсыласына ерекше құрмет көрсеткен спортшы жанкүйерлер қошеметіне бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта финалда белдескен Айдос Сұлтанғали мен Ернар Фидахметовтің белдесуі соңғысының жарақат алуымен аяқталған.

Фидахметов кезекті әдіс кезінде аяғын қатты жарақаттап, кілемнен өздігінен тұра алмай қалады. Сол кезде оған қарсыласы Айдос көмекке келіп, жарақат алған балуанды кілемнен көтеріп алып шығады.

Кездесудегі осы бір сәт әлеуметтік желіде кеңінен таралып, оқырмандар мен жанкүйерлер балуанның бұл әрекетін жоғары бағалады.

Көпшілік қарсыласына құрмет көрсеткен Айдос Сұлтанғалиға мақтау сөздерін жаудыруда.

Желіде жұлдыз болған балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатында жүлделі үшінші орын алған. Бүгінде ол Қызылорда қаласынан атынан күреседі.

Айдос
Фото: Спортшының жеке мұрағатынан

"Финалдағы жағдайды айтатын болсақ, басында бәрі жақсы, ойдағыдай басталған болатын. Одан кейін өздеріңіз көргендей екінші кезеңде Ернар бауырым аяғын қайырып алды. Жарақат алып қалды. Ойда жоқ жерден бауырымның аяғын ауыртып алғанына өзімнің жүрегім езіліп кетті. Әрине бұл күтпеген жағдай. Тұрғызып, қолтығынан демеп, көмектестім. Жүре алса, демеп шығарып салғым келген. Содан кейін жүре алмайтынын байқап, көтеріп алып, сондай құрмет көрсеткен жайым бар. Ернар бауырыма тезірек жазылып арамызға қайта оралуына шын жүректен тілектеспін. Алла шипасын берсін", - дейді ол KAZ.NUR.KZ порталына берген сұхбатында.

Еске салсақ, бұған дейін испаниялық триатлоншы өз жеңісін өзге спортшыға бере салып, көпшіліктің жүрегін елжіреткенін жазған едік.

Одан бөлек, Португалия президенті суға батып бара жатқан екі аруды құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1886760-zarakat-algan-karsylasyn-kilemnen-kterip-sygargan-baluan-zelide-zldyz-boldy-foto-video/

pixel