Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-анасының жанына жерледі: Марадонамен қоштасу рәсімі қалай өтті (видео)

Опубликовано:

Легендарный аргентинский футболист Диего Марадона
Диего Марадона. Фото: Jam Media / Contributor / Getty Images

Аты аңызға айналған футболшы және жаттықтырушы Диего Марадона Буэнос-Айрестен 35 шақырым қашықтықтағы Белла-Виста зиратына ата-анасының қасына жерленді деп хабарлайды TN.

Қоштасу рәсіміне спортшының жақындары мен достары ғана қатысты. Оның ата-анасы Диего Марадона мен Дальма Франко да осы зиратта жерленген.

Марадонамен Аргентина тұрғындары президент сарайының алдында қоштасқаннан соң, кейбір футбол жанкүйерлері зиратқа қарай аттанған. Алайда осы уақытта жергілікті билік Буэнос-Айрестегі көлік қозғалысын толықтай жауып тастады.

Зираттың да Аргентинаның арнайы жасағымен күзетілгені белгілі болды.

Еске салайық, аты күллі әлемге танымал футболшының қазасы туралы аргентиналық TN телеарнасы хабарлаған. 30 қазан күні ол соңғы рет туған күнін атап өтті. Clarin атты аргентиналық басылымның ақпаратынша, Марадона Буэнос-Айрестегі Тигре қаласында өз үйінде қайтыс болған.

Әлемдік футболы жұлдызының жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер қолынан келгенін бәрін істеген. Алайда, аңыз спортшының өмірін сақтап қала алмаған.

Аргентина президенті Альберто Фернандес Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны Диего Марадонаның қазасынан кейін елде үш күндік аза тұту жариялады. Сонымен қатар ол өзінің жұмыс сапарларын тоқтатты.

"Марадона бүкіл әлем үшін Аргентинаның бейнесі болды, ол бізге үлкен қуаныш сыйлады, біз оған мәңгілік қарыздармыз", - деп келтіреді Фернандестің сөздерін ТАСС.

Бүкіл елде мемлекеттік тулар түсіріліп, ойын-сауықтар тоқтатылды. Теледидар арналары футбол жұлдызының өмірі, мансабы және жеңістері туралы әңгімелеуде. Аты аңызға айналған спортшының өлімі президенттің күнтізбесінде көрініс тапты. Ол Санта-Фе және Чако провинцияларындағы бейсенбі мен жұмаға жоспарлаған жұмыс сапарларын тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1886764-diego-maradonany-zerleu-rsimi-tti-video/

pixel