Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионын техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Опубликовано:

Данияр Елеусінов
Фото: yeleussinovdaniyar

Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ-тың Флорида штатындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтіп жатқан бокс кешінде Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) қолғап түйістірді.

Екі боксшы да алғашқы раундты бірден қарқынды бастады. Арада аз уақыт өткенде қазақстандық боксшы қарсыласын бір рет нокдаунға түсіре алған.

Екінші раундта Индонго сақ қимылдай бастады. Елеусінов шабуылын бәсеңдетпестен қарсыласын екінші рет нокдаунға түсірді.

Нәтижесінде Джулиус жекпе-жектен бас тартып, қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Сондай-ақ, Елеусінов IBF Intercontinental титулын иеленді.

Еске салсақ, бұған дейін Данияр Елеусіновтің 28 қарашада намибиялық боксшы Джулиус Индонгомен жекпе-жекке шығатынын жазған едік.

Одан бөлек, Данияр Елеусінов титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз. Былғары қолғап шеберлері БАҚ құралдарының алдында салмақ өлшеп, көз атыстырғаннан кейін отандасымыз DAZN Boxing порталына алдағы жоспары жайында айтып берді. Данияр қарсыласы "айқас оңай болады, Елеусіновті қиналмай ұтамын" деген сөзі үшін жауап беретінін жеткізген еді.

Сонымен қатар, спортшы бұл кездесу мансабындағы күрделі жекпе-жектің бірі болса да, өзіне сенімді екенін атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1886959-daniar-eleusinov-bryngy-lem-cempionyn-tehnikalyk-nokautpen-zedi/

pixel