RU

"Аңыздар шайқасы": Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды (видео)

Рой22
Фото: instagram.com/royjones_fans

Есімдері бокста аңызға айналған Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасындағы көптен күткен кездесу тең нәтижемен аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Америкалық боксшылар арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Staples Center аренасында өтті. 8 раундқа (әр раунд 2 минуттан) созылған кездесу тең нәтижемен (76-76/79-73/80-76) аяқталды.

Sports.kz-тің мәліметінше, бастапқыда-ақ ұйымдастырушылар боксшылардың жас ерекшілігін ескере отырып, жекпе-жектің форматын өзгертуді ұсынған. Яғни ықтимал нокауттың болмауы, боксшылардың қорғаныс бас киімімен өнер көрсетуі, сонымен қатар жеңімпаздың есімін атамау сынды талаптар қойған.

Алайда бұл талаптар бокс сүйер қауымның наразылығын тудырып, ақыры ережені өзгертпеу туралы шешім қабылданған.

ТАСС-тың жазуынша, Тайсон бұл жекпе-жектен $10 млн, Джонс $3 млн табыс табады. Сонымен қатар екі боксшы да ақылы трансляциялардың түскен қаржының бір бөлігін алады.

Айта кетейік, 51 жастағы кіші Рой Джонс кәсіпқой бокста 75 кездесу өткізіп, оның 66-ында жеңіске жеткен. Тоғызында жеңіліс тапқан. Ал 53 жастағы әйгілі Тайсон 58 жекпе-жек өткізіп, 50-інде жеңіс тұғырынан көрінген.

Майк Тайсон рингке соңғы рет 2005 жылы, Рой Джонс соңғы рет 2018 жылы шыққан.

Еске сала кетейік, бұған дейін танымал отандасымыз Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокаутпен жеңген еді.

Осылайша ол кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізіп, өзінің алғашқы чемпиондық белбеуіне ие болды. Елеусінов IBF Intercontinental титулын иеленді.

Сонымен қатар 20 жастағы қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов серпе көтеруден Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1887012-alyptar-ajkasy-tajson-men-roj-dzons-zekpe-zegi-te-ntizemen-aaktaldy/