Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баландин жүзуден Қазақстан чемпионатында үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды

Опубликовано:

Дмитрий Баландин1
Фото: instagram.com/dmitriy_balandin

Жүзуден Қазақстан чемпионатының үздігі Дмитрий Баландин Қазақстан чемпионатындағы үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Баландин 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша көш бастаған. Аталған қашықтықты ол 27,19 уақытта бағындырды.

29,01 нәтижесімен Айбек Камзенов екінші орыннан көрінсе, 29,63 көрсеткішімен Нұрдіулет Жұмағали үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, Дмитрий Баландин осыған дейін Қазақстан чемпионатында 100 және 200 м қашықтық бойынша бірінші болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін танымал отандасымыз Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокаутпен жеңген еді.

Осылайша ол кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізіп, өзінің алғашқы чемпиондық белбеуіне ие болды. Елеусінов IBF Intercontinental титулын иеленді.

Сонымен қатар 20 жастағы қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов серпе көтеруден Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.

102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Артем 216 келіні көтерген. Бұған дейін серпе көтеруден Илья Ильин үздік болатын. Оның нәтижесі 208 келі. Осылайша ауыр атлет танымал әріптесінің рекордын жаңартқан.

Сондай-ақ 29 қарашада әйгілі боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасындағы көптен күткен кездесу болып, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.

БАҚ-тың мәліметінше, Тайсон бұл жекпе-жектен $10 млн, Джонс $3 млн табыс табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1887049-dmitrij-balandin-zzuden-kazakstan-cempionatynda-s-altyn-zeip-aldy/

pixel