RU

Елеусінов кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингтегі көрсеткішін жақсартты

Данияр Елеусінов
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Намибиялық қарсыласын жеңіп, өзінің алғашқы чемпиондық белбеуін иеленген боксшы Данияр Елеусінов әлемдік рейтингтегі көрсеткішін жақсартты деп хабарлайды Sports.kz.

Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз BoxRec рейтингінде 40-орыннан 27-орынға бір-ақ көтірілген.

Ал оның жеңіліс тапқан қарсыласы Джулиус Индонго (23-3, 12 КО) керісінше 32-орыннан 60-орынға сырғыған.

Еске сала кетейік, Индонго мен Елеусінов арасындағы кездесу 28 қараша күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті.

Екі боксшы да алғашқы раундты бірден қарқынды бастаған. Арада аз уақыт өткенде қазақстандық боксшы қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген. Екінші раундта Индонго сақ қимылдай бастаған. Елеусінов шабуылын бәсеңдетпестен қарсыласын екінші рет нокдаунға түсірген. Нәтижесінде Джулиус жекпе-жектен бас тартып, Данияр жеңіске жеткен.

Сондай-ақ осы жекпе-жекте отандасымыз өзінің алғашқы чемпиондық белбеуін IBF Intercontinental титулын иеленді.

Сонымен қатар 29 қарашада әйгілі боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасындағы көптен күткен кездесу болып, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.

Лос-Анджелес қаласындағы Staples Center аренасында өткен кездесу 8 раундқа созылды.

БАҚ-тың мәліметінше, Тайсон бұл жекпе-жектен 10 млн доллар Джонс 3 млн доллар табыс табады.

Сонымен қатар екі боксшы да ақылы трансляциялардың түскен қаржының бір бөлігін алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1887053-namibialyk-karsylasyn-nokautka-tsirigen-eleusinov-lemdik-rejtingtegi-krsetkisin-zaksartty/