Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көз жанарынан айырылса да дзюдомен айналысып жүрген отандық спортшы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Бауыржан Арыстанбеков
Бауыржан Арыстанбеков. Видеодан кадр: Sputnik Қазақстан

Парадзюдодан ұлттық құраманың сапында өнер көрсететін Бауыржан Арыстанбеков дзюдодан жарыстарда ел абыройын асқақтатып жүр. Ол көру қабілетінен айырылғанына қарамастан, джиу-джитсумен және грэпплингпен айналысады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бауыржан Арыстанбеков спортқа 27 жасында келген. Дзюдодан бапкер Жандос Қонысбаев осындай кеңес берген. Спортшы екі мәрте ел чемпионатының финалына шыққан.

2018 жылы Джакартада өткен Азия параойындарында жүлдегер атанды. Қазір ол парадзюдодан ұлттық құрама сапында.

"27 жасқа дейін спорттың не екенін білмедім. Бала кезімде шұғылданған жоқпын. 3-сыныпта көзіме шыны түсіп, жарақат алдым. Бастапқыда бір көзім көрмей қалды, кейін екінші көзіме де әсер етті. Қазір мен көпбалалы әкемін. Үш ұлым мен үш қызым бар. Балаларыма үлгі болсам деймін", - деді спортшы. 

Параолимпиадалық дзюдоның ережелерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Басты ерекшелігі - спортшылар бір-бірін кимонодан ұстап, белдеседі.

Спортшы дзюдодан бөлек, джиу-джитсу және грэпплингпен айналысады. Ол мүмкіндігі шектеулі жас қазақстандықтарға өз кеңесін де берді.

"Бастысы, жүректегі сенім сөнбеуі керек. Жүрек бастысы, ал көру қабілеті айтарлықтай маңызды емес. Мүгедектік - адамға берілген сынақ", - дейді Бауыржан Арыстанбеков.

Еске сала кетсек, күрестен Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында қарсыласына ерекше құрмет көрсеткен Айдос Сұлтанғали жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді.

Сонымен қатар испаниялық триатлоншы өз жеңісін өзге спортшыға бере салып, көпшіліктің жүрегін елжіреткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1887795-kz-zanarynan-ajyrylsa-da-dzudodan-cempion-bolgan-otandyk-sportsy-zajly-ne-bilemiz/

pixel