RU

Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жектің ресми постері жарияланды

Головкин мен Шеремета арасындағы кездесудің ресми постері
Фото: twitter.com/DAZNBoxing

DAZN қазақстандық Геннадий Головкин мен поляк Камил Шереметаның арасындағы жекпе-жектің ресми постерін ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2020 жылдың 18 желтоқсанында IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (40 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең нәтиже) кезекті қарсыласы - жеңіліп көрмеген поляк спортшысы Камил Шереметамен (21 жеңіс) шаршы алаңға шығады.

Осыған байланысты DAZN Twitter парақшасында кездесудің ресми постері пайда болды.

"Big drama show 18 желтоқсанда қайта оралады!", - деп жазды DAZN өкілдері.

GGG мен Шеремета арасындағы жекпе-жек Американың Флорида штатында өтетін бокс кешінде басты оқиға болмақ.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқаны туралы желіде видео пайда болған еді.

Отандасымыздың жағажайда жаттығу жасаған сәтінен видеоны Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының Twitter парақшасы жария етті.

Сонымен бірге, DAZN стримингтік қызметі қазақстандықпен келісімшартты қайта қарауды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейбір мәліметтер бойынша, DAZN Головкиннің жекпе-жек үшін төлемін төмендетуді жоспарлап отыр.

Спорт бақылаушылары бұл шешім негізсіз емес деген пікірде. Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық боксшыға айтарлықтай танымал емес қарсыластарымен жекпе-жек үшін 15 миллион доллар төлеу - "ессіздік".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1888528-golovkin-men-seremeta-arasyndagy-zekpe-zekti-resmi-posteri-zarialandy/