Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь құрамасындағы қазақ қызы әлем кубогында топ жарды

Опубликовано:

Динара Әлімбекова
Динара Әлімбекова. Фото: sports.kz

Бүгін, 11 желтоқсанда Хохфильценде биатлоннан 2020/21 жылғы Әлем Кубогының үшінші кезеңі аясында әйелдер арасында спринттен жарыс өтті деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыста бірінші орынды Беларусь өкілі, қандасымыз Динара Әлімбекова иеленді.

Күміс жүлде норвегиялық Тириль Экхоффқа бұйырса, қола медальді Германия өкілі Франциска Пройс жеңіп алған.

Ал Қазақстан құрмасына келсек, олар үздік ондықтың қатарынан көріне алмаған.

Отандық спортшылардан Дарья Климина үздік нәтиже көрсеткен. Ол 90 - орында. 94-орынға Елизавета Бельченко жайғасты. Ал Анастасия Кондратьева 108- орында.

Айта кетейік, Беларусь атынан сынға түскен Динара Әлімбекова - Қазақстан тумасы. Ол 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген. Бойжеткеннің әкесі - қазақ, анасы - беларусь.

2018 жылы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан Беларусь құрамасында өнер көрсетіп, алтын медальді иеленген ол өзін 100 пайыз беларусь деп есептейтінін айтқан еді.

"Отбасым Абайдан Чаусыға мен небары үш жаста болғанда көшіп кетті. Қазақстанда өткен жылдарым есімде жоқ. Жарыс жолына қазақстандық спортшылармен қатар шыққанда жан дүниемде айтарлықтай өзгеріс байқамаймын. Менің бүкіл саналы ғұмырым Беларусьпен байланысты, өзімді 100 пайызға беларуспын деп есептеймін", - деген еді ол.

Көп ұзамай Беларусь президенті Александр Лукашенко Динара Әлімбекованы "Жеке ерлігі үшін" орденімен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1889087-belarus-kramasyndagy-kazak-kyzy-lem-kubogynda-top-zardy/

pixel