Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен Шеремета алғаш рет бетпе-бет кездесті (видео)

Опубликовано:

Головкин-Шеремета
Кадр: Видеодан

IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35КО) қарсыласы Польша боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жек алдында бетпе-бет кездесті деп хабарлайды Қазақпарат.

Боксшылар АҚШ-тың Флорида штатында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан. Одан кейін көз арбасу рәсімін өткізген.

Головкин жанкүйерлерге тамаша шоу көрсетуге уәде берсе, ал Шеремета Польша халқына үлкен жеңіс сыйлайтынына сенімді.

Айта кетейік, Головкин-Шеремета жекпе-жегі 18 желтоқсан күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер бокс кешін 19 желтоқсанда "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарында таңғы 4-тен бастап тікелей эфирде көре алады.

Бокс кешін GGG Promotion және Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы бірігіп ұйымдастырып, DAZN стриминг сервисінде көрсетіледі.

Сондай-ақ басты жекпе-жектің бірінде тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) Эквадор өкілі Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) екінші орта салмақта IBO әлем чемпионы титулын сарапқа салады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Головкиннің алдағы кездесуге пікір білдірген видеосы пайда болған еді. Оның сөзінше, алдағы жекпе-жекте кім жеңетінін ешкім білмейді. Себебі бұл - бокс.

Сонымен қатар отандасымыз бокс кешін Қазақстанда өткізуге қатысты пікір білдірген болатын. Айтуынша, туған жерінде кездесу өткізсе тамаша болар еді. Дегенмен барлығы алдағы жағдай қалай болатынына байланысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1889737-golovkin-men-seremeta-algas-ret-betpe-bek-kezdesti-video/

pixel