Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрын-соңды жеңілмеген қазақ боксшысы америкалыққа есе жіберді

Опубликовано:

Боксшы
Фото: prosports.kz

18 желтоқсан күні таңертең Лос-Анджелесте қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев пен америкалық Чарльз Конуэлл арасындағы жекпе-жек өтті деп жазады Prosports.kz.

Аталмыш жекпе-жекке дейін қос боксшы да жеңіліп көрмеген болатын. Мадияр Әшкеев алдыңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қарашасында өткізген. Ол кезде жерлесіміз бесінші раундта аргентиналық Родольфо Мартинесті жеңген еді.

Ал америкалық Чарльз Конвэллге келер болсақ, ол өзінің соңғы жекпе-жегін осы жылдың қазан айында өткізіп, 9-шы раундта жерлесі Уэнди Туссейнтті нокаутқа жіберген еді.

23 жастағы америкалық боксшы жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ үстемдік танытты. Чарльздың үздіксіз бағыттаған соққыларына Әшкеев қарсылық таныта алмады.

Нәтижесінде жекпе-жек он раундқа созылмай, тоғызыншы раундтан кейін Әшкеевтің бапкерлері жекпе-жекті тоқтатуды ұйғарды. 9 раунд бойы жекпе-жек Конуэллдың басымдығымен өтті.

Осылайша, қазақ боксшысы мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ал америкалық боксшы он төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін британиялық БАҚ Геннадий Головкин мен поляк боксшысы Шереметаның алдағы жекпе-жегіне болжамын назарға ұсынған еді.

Одан бөлек, Айдос Ербосынұлы жеңіліп көрмеген ганалық боксшыны нокаутқа түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1889800-bryn-sody-zeilmegen-kazak-bokssysy-amerikalykka-ese-ziberdi/

pixel