Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лионель Месси "Әлем чемпионы" атағына ие болды

Опубликовано:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

Аргентина мен каталондық Барселона футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси Champion for Peace of the Year сыйлығын алуға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ЕвроФутбол.

"Бұл сыйлықтың иегері болу мен үшін үлкен мәртебе. Әділ мойындалған футболшы ретінде танылған қандай жақсы. Сыйлықты тапсырған ұйымға алғыс айтамын, оған қоса бақытсыздыққа ұшыраған адамдарға дем беруді және қолдауды жалғастыру мүмкіндігін күтемін", – деп келтіреді аргентиналық ойыншының сөзін Peace and Sport.

Испания чемпионатының ағымдағы маусымында 33 жастағы шабуылшы 12 матч өткізіп, бес гол соққан (екеуі пенальтиден).

Еске салсақ, Аргентина ұлттық құрамасы мен испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Forbes басылымының нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең табысы жоғары футболшылар тізімінде көш бастағаны туралы жазған болатынбыз.

Биыл аргенитиналық футболшы 126 миллион доллар табыс тапқан. 92 миллион долларды ол жалақы ретінде алса, қалған 34 миллион доллар жарнамалық келісімшарттардан түскен.

Еске салсақ, бұған дейін жазғы трансфер кезінде "Манчестер Сити" ағылшын футбол клубы "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси үшін 200 миллион еуро төлеуге дайын екені туралы хабарлаған едік.

Бұл туралы журналист Танкерди Палмери әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. "Қалалықтар" аргентиналықтың трансфері туралы ресми ұсыныс дайындап жатқандығы атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1889867-lionel-messi-lem-cempiony-atagyna-ie-boldy/

pixel