RU

"Канело" Смитті жеңіп, WBA және WBC титулдарын қанжығасына байлады (видео)

Сауль Альварес
Сауль Альварес. Фото: Ed Mulholland/Matchroom via Getty Images

Сауль Альварес супер орта салмақтағы чемпиондық белбеулер үшін болған жекпе-жекте қарсыласы Каллум Смитті жеңді.

Жекпе-жек толықтай 12 раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан Альварестің пайдасына шешім қабылдады.

Бокс кеші Сан-Антониодағы Alamodome стадионында өтті. WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі, WBC белбеуі және The Ring журналының белбеуі сарапқа салынды.

Смит үшін бұл жеңіліс кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. Альварес кәсіби мансабындағы 54-ші жеңісіне қол жеткізді.

DAZN жекпе-жектің ең үздік сәттерін өздерінің Twitter-дегі ресми парақшасында жариялады.

Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1889958-kanelo-smitti-zeip-wba-zne-wbc-tituldaryn-kanzygasyna-bajlady-video/