Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үздік екенімді дәлелдедім": Альварес Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға дайын екенін айтты

Опубликовано:

Альварес пен Головкин
Сауль Альварес пен Геннадий Головкин. Фото: Kevork Djansezian/Getty Images

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Каллум Смитті жеңгеннен кейін болашақ жоспарларымен бөлісті. Чемпион болашақта отандасымыз Геннадий Головкинмен шаршы алаңда тағы бір мәрте кездесуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Канело" ұзақ үзілістен кейін өзінің рингке оралғанына қуанышты екенін айтты деп жазады Sports.kz.

"Мен рингке оралып, өзімнен үлкен жігітті жеңгеніме қуаныштымын. Иә, ол мықты, бірақ мен бірінші раундтан бастап өзімнің қандай екенімді көрсеттім. Мен әлемде ең үздік екенімді дәлелдедім", – деді ол.

Сонымен қатар Альварес 168 фунт салмақта өнер көрсеткен өзіне ұнайтынын айтты. Боксшы дәл осы салмақта титулдарға ие болу өзінің ең үздік жетістіктерінің бірі деп санайды.

Сонымен қатар "Канело" чемпиондық белбеулерді "біріктіргісі" келетінін және жаңа мақсаттарға дайын екенін жеткізді.

"Болашақта Головкинмен үшінші мәрте кездесуім мүмкін бе? Мен тек мықтылармен жұдырықтасқым келеді. Егер бұл жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкін болса, мен келісемін. Мен үздіктермен жұдырықтасуға дайын екенімді көрсеттім", – дейді Сауль Альварес.

Еске салсақ, бұған дейін мексикалық боксшының супер орта салмақтағы чемпиондық белбеулер үшін болған жекпе-жекте қарсыласы Каллум Смитті жеңгенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, 19 желтоқсанда Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін Камил Шереметамен кездесіп, жеңіске жеткенін айта кетейік.

Айтулы бокс кешінің соңында отандасымыз маңызды мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1889991-alvares-golovkinmen-sinsi-ret-zdyryktasuga-dajyn-ekenin-ajtty/

pixel