Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шереметаның промоутері Головкинмен жекпе-жекті тоқтатудың нақты себебін атады

Опубликовано:

Шеремета
Фото: MatchroomBoxing

Поляк боксшысы Камил Шереметаның промоутері отандасымыз Геннадий Головкинмен жекпе-жекті тоқтатудың себебін атады. Оның айтуынша, бұған Шереметаның жарақат алуы себеп болған.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Голливудта (АҚШ) Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жегі өтті.

Поляк боксшысы төрт рет нокдаунға түсіп, сегізінші раундқа дейін жекпе-жекті жалғастыра алмады. Оның командасы жекпе-жекті ерте тоқтату туралы шешім қабылдады.

"Камил сол көзінен соққы алды. Қатты ауырсыну пайда болды, оған бірден сол жерге мұз бастық. Судья Камилдің көзімен қиындықтар туындағанын көрді, сондықтан жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады", - деп Sports.kz басылымы промоутер Анджей Василевскидің сөзін поляк дереккөздеріне сілтеме жасай отырып келтірді.

Кейінірек Василевски өзінің Twitter-інде Шереметаның ауруханада тексеруден өткенін мәлімдеді.

"Бәрі жақсы. Сақтық үшін Яцек Шелонговскимен (Шереметаның промоутерлік компаниясының вице-президенті - автор ескертпесі) бірге біз барлығын тексеруге шешім қабылдадық", - деп жазды промоутер.

Василевскидің айтуынша, боксшыға офтальмологтың қосымша кеңесі қажет. Оның пікірінше, судья дұрыс шешім қабылдады.

"Камилдің бұл жекпе-жекте жеңіске жетуіне айтарлықтай мүмкіндігі болмағаны анық болды, Головкиннің әрбір соққысы үлкен қауіп төндірді", - деп мойындады промоутер.

Шелонговскидің өзі де спортшының жағдайы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, Шереметаның жағдайы жақсы, оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Жекпе-жектен кейін Камил жан-жақты тексеруден өтті: денені толық, бастың МРТ-сы, көз бен құлақты тексеру. Түні бойы ауруханада болып, таңғы сағат 8-де біз тұратын Seminole Hard Rock Hotel and Casino-ға оралдық (жекпе-жек сол жерде өтті - ред.)", - дейді Яцек Шелонговски.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1890077-seremetany-promouteri-golovkinmen-zekpe-zekti-toktatudy-nakty-sebebin-atady/

pixel