Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шешен спортшысы не үшін қазақтармен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: grozny-inform.ru

Әлеуметтік желіде шешен жігітінің сөзі қызу талқылануда. Ол сөз арасында қазақ спортшылармен неліктен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін шешен спортшысы Алихан Сулейманов Мәскеу қаласындағы АСА 115 турнирде қазақстандық Нұрсұлтан Қасымхановтан басым түсті.

Кездесуден соң Вестник ММА Youtube арнасына сұқбат берген ол қазақ спортшыларымен бір жарысқа түскісі келмейтінін мәлімдеді.

"Мен Нұрсұлтанды (ред. - Нұрсұлтан Қасымханов) ерекше құрметтеймін. Оның өте мықты, жақсы спортшы екенін білемін. Тізем байқамай бүйрегіне тиіп кетті. Ауыр жарақат алмағанына қуаныштымын. Ермек Дауылмен болған жекпе-жекке дейін қазақтармен, ингуштармен жекпе-жекке шыққым келмейтіні туралы айтқан едім. Мүмкіндік болып жатса, олармен төбелескім келмейді.
Бір шетінен мен Қазақстанды да таныстырамын деуге болады. Біздің тарихымыз тікелей қазақ жерімен байланысты. Соңғы нанымызды бөлісіп жеген ел десек болады. Сондықтан қазақтармен шаршы алаңда кездеспесем деп едім", — деді шешен спортшысы Алихан Сулейманов.

Айта кетейік, Сулейманов Ахмат жекпе-жек клубының өкілі және Грозныйда тұрады. Өзінің бүкіл мансабын ACA лигасында өткізген.

Оның 12 жеңісі және екі жеңілісі бар.

Соңғы рет ол 2016 жылдың қазанында ағылшын Дэниел Кроуфордтан техникалық нокаутпен ұтылған болатын.

Сулейманов Қасымхановтан бөлек, бұған дейін қазақстандық Ермек Тлауовты ұтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1890213-sesen-sportsysy-ne-sin-kazaktarmen-zekpe-zekke-sykkysy-kelmejtinin-ajtty/

pixel