Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер сити" "Арсеналды" жарыс жолынан шығарды

Опубликовано:

"Манчестер сити" командасы
Фото: Catherine Ivill/Getty Images

"Манчестер сити" өз алаңында ойнаған "Арсеналды" жеңіп, Ағылшын лигасы кубогінің жартылай финалына жолдама алды деп хабарлайды Sports.ru.

Лондонда өткен кездесу 4:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

"Манчестер сити" құрамындағы Габриэль Жесус, Рияд Марез, Филипп Фоден және Эмерик Ляпорттың соққан голдары командаға жеңіс сыйлады.

"Арсенал" жауап ретінде тек бір мәрте ғана гол соға алды. Оның авторы – Александр Ляказетт.

Бұл "қалалықтар" "зеңбірекшілердің" алаңында басым түскен қатарынан төртінші кездесу.

Осылайша, "Манчестер сити" мұндай нәтижеге 1960-65 жылдардан бері қол жеткізе алған алғашқы клуб атанып отыр.

Ол жылдары аталған нәтижеге "Челси" қол жеткізген болатын.

Сонымен қатар Арсен Венгер шәкірттері 1998 жылы өз алаңында 0:5 есебімен "Челсиден" жеңгеннен бері алғаш рет Лига кубогінің матчында кем дегенде 4 гол жіберіп алды.

Осылайша, "Арсенал" осы жылғы турнирдегі ойындарын аяқтады. Ал "Манчестер Сити" жартылай финалға шықты, оның қарсыласы ширек финалдың барлық матчтары аяқталғаннан кейін жеребе тартумен анықталады.

Келесі ширек финалдық ойын бүгін, 23 желтоқсанда өтеді. "Сток Сити" өз алаңында "Тоттенхэммен" кездеседі. Оған қоса, "Эвертон" өз алаңында "Манчестер Юнайтед" командасын қабылдайды. Кездесу 24 желтоқсан күні өтеді.

Айта кетейік, "Ньюкасл Юнайтедті" 1:0 есебімен жеңіп, жарыс жолынан шығарған "Брентфорд" командасы Ағылшын Лигасы кубогінің жартылай финалына өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1890511-mancester-siti-arsenaldy-zarys-zolynan-sygardy/

pixel