Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай өзгерді": Головкин "Канеломен" жекпе-жек өткізу туралы жаңа мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/gggboxing

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы, IBF және IBO белбеуінің иегері Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестің соңғы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Sports.kz ұсынған ақпаратқа сәйкес, The Athletic-ке берген мәлімдемесінде қазақстандық чемпион Альварестің "трилогия" туралы айтқан соңғы сөздеріне жауап қатыпты.

"Канело" біздің үшінші жекпе-жегіміз туралы өз пікірін ашық айтты. Ол бірден керемет ұсыныс күткенін де жасырған жоқ. Бұл барлығынан бұрын боксшыны мазалайтын нәрсе. Сондықтан егер ол ойындағы тамаша ұсынысты алса, мен үшін де сол, жалпы біз қолайлы ұсынысқа ие болсақ, онда үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін", - деп Головкин өз шартын алға тартты.

Спортшы қазіргі жағдайда болуы мүмкін жекпе-жектің шарттарына тек Альварес қана емес, өзінінің де қанағаттанбауы мүмкін екенін баса айтты және бұл мәселеге бұрынғыдан басқаша қарайтынын жеткізді.

"Егер тараптардың біреуі өз ұсынысына көңілі толмаса, бұл басқа мәселе. Көп уақыт өтті, жағдай өзгерді - ол басқаша және көзқарас та басқаша", - деп сөзін қорытындылады қазақстандық.

Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1890706-zagdaj-zgerdi-golovkin-kanelomen-zekpe-zek-tkizu-turaly-zaa-mlimdeme-zasady/

pixel