Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкиннің P4P от ESPN рейтингінде нешінші орында тұрғаны белгілі болды

Опубликовано:

Шеремета
Фото: MatchroomBoxing

ESPN спорт арнасының редакторлары pound-for-pound санатындағы үздік боксшылардың рейтингін жариялады деп хабарлайды Sports.kz.

ESPN ресми сайтында салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Бұл тізімде орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) алғашқы ондықта тұрақтап, WBA тұжырымы бойынша титулдың иегері америкалық Джервонте Дэвиспен (24-0, 23 КО) соңғы сызықты бөлісіп тұр.

P4P от ESPN рейтингі:

  1. Теренс Кроуфорд
  2. Сауль Альварес
  3. Наоя Иноуэ
  4. Кіші-Эррол Спенс
  5. Теофимо Лопес
  6. Тайсон Фьюри
  7. Василий Ломаченко
  8. Александр Усик
  9. Хуан Франсиско Эстрада
  10. Геннадий Головкин және Джервонта Дэвис.

Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1890723-golovkinni-p4p-ot-espn-rejtinginde-nesinsi-orynda-trgany-belgili-boldy/

pixel