RU

"Аңшылық жалғасады": Хамитов тұрмысқа шыққан Алтынбекова туралы пікір білдірді

Куат Хамитов
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Белгілі қазақстандық файтер Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққаны туралы жаңалықтарға пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жөнінде аралас жекпе-жек шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Хамитов волейболшыны қуанышты сәтімен құттықтауды ұмытқан жоқ.

"Әй Сабина-Сабина, мен саған енді қарай бастаған едім, сен қашып кеттің. Менің құттықтауымды қабыл ал! Шын жүрегімнен саған бақыт тілеймін! Сен керемет жансың. Біздің барлық қыздарымыз сен сияқты нәзік әрі әдемі болсын.
Ал қалғандырыңызға шаршамаңыздар дегім келеді, аңшылық жалғасады", - деді спортшы.

Еске сала кетсек, Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін мойындаған болатын.

Ол тіпті өзінің жары ретінде Алтынбековадан басқа аруды көре алмайтынын да айтқан еді. Хамитов алдағы уақытта бірқаар мақсаттарына қол жеткізіп, спортшы арудың көңілі табуға бар күшін салмақ болған.

Алайда, волейболшы қыз оның сезімдеріне жауап бермей, оны спорттағы жетістіктері, адамгершілігі, батылдығы мен бойындағы қазақ батырының рухы үшін аса қатты құрметтейтінін жеткізді.

Ал кеше Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз. Спортшының таңдауы Саят Тостықбаев есімді азаматқа түскен.

Ашық дереккөздерде оның күйеуі туралы ақпарат өте аз.

"Одноклассники" желісіндегі парақшасында Саят Тостықбаевтың 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келгені көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1891087-asylyk-zalgasady-hamitov-trmyska-sykkan-altynbekova-turaly-pikir-bildirdi/