Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сабина Алтынбекованың тойынан видео жарияланды (видео)

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Instagram желісінен алынды

Жақында ғана мұсылманша некесін қидырған қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың тойынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кадрдан Сабина Алтынбекова мен оның жары Саят Тостықбаев мерекелік тортты бірге кесіп, спортшы оны алдымен енесіне ұсынып жатқаны көрінеді.

Екі жастың әрекетін желі оқырмандары жылы қабылдап, бақыт тіледі.

Мерекелік кеш Алматы қаласындағы таңдаулы мейрамхананың бірінде өткен. Алайда қонақ көп болмады. Оны роликтен байқау қиын емес.

Сабина мен Саяттың тойында белгілі актер Даурен Айдарқұлов пен әнші Нұрболат Абдуллин бой көрсеткен.

Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында күйеу жігіт пен қалыңдықтың фотосын жариялап, "Саке бауырым бақытты болыңдар! Сабина өзімізде қалды" деген жазба қалдырды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз. Спортшының таңдауы Саят Тостықбаев есімді азаматқа түскен.

Ашық дереккөздерде оның күйеуі туралы ақпарат өте аз.

"Одноклассники" желісіндегі парақшасында Саят Тостықбаевтың 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келгені көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1891177-sabina-altynbekovany-tojynan-video-zarialandy-video/

pixel