Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокс жанкүйерлері 2021 жылы қандай жекпе-жектерді көргісі келеді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Атақты Boxing247.com сайты қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альварес арасында өтуі тиіс үшінші жекпе-жегін 2021 жылы жанкүйерлер ең көп күтетін жекпе-жектердің қатарына қосты Sports.kz.

"Шын мәнісінде, Тайсон Фьюри- Энтони Джошуа, Эррол Спенс –Теренс Кроуфорд, Головкин – "Канелоның" үшінші жекпе-жегі бокс жанкүйерлерінің көпшілігінің 2021 жылы көргісі келетін жекпе-жектер тізімінде көш бастап тұр", - делінген басылым таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1891185-boks-zankjerleri-2021-zyly-kandaj-zekpe-zekterdi-krgisi-keledi/

pixel