Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Демеуші керек": Қызылорданың алыс ауылындағы жігіт Испанияға шақырту алды

Опубликовано:

Фото
Фото: Қармақшы таңы

Қызылорда облысына қарасты Қызылтам ауылының тумасы, 16 жастағы Абдулхамит Маратұлы Испанияда өтетін іріктеуге дайындалып жүр. Ал талантты жеткіншекке демеуші керек деп хабарлайды Айқын газеті.

Айта кетейік, алғашында іріктеуге 300 бала қатысқан. Нәтижесінде, 15-і Эль-Пуэрто-де-Санта-Мария қаласына барып, белгілі клубтардың 2004 жылғы жастар құрамасына қабылдану үшін бақ сынап көрмек.

"Сонда біздің ойынымызды "Атлетико Мадрид", "Валенсия", "Реал Бетис", "Малага", "Херес" клубтарының скауттары бақылайды. Егер ұнаса, келісімшарт ұсынуы бек мүмкін. Айта кетерлігі, іріктеу 2004 жылғы жасөспірімдер арасында өтеді", - дейді Абдулхамит.

Ол болашағын үлкен спортпен байланыстыратынын айтып

"Испанияға барып, мықты клубтардың бірімен келісімшарт жасау ойымда бар. Сонда қалып, шеберлігімді шыңдап, футболдың қыр-сырын үйренгім келеді. Өзімді жаттықтырған жаттықтырушылардың атын шығарып, еліміздің үлкен футболдағы мерейін өсірсем деймін. Кейінірек елге оралып, "Қайрат" пен "Қайсардың" бірінде доп теуіп, жетістіктерге жеткім келеді", - деді жас спортшы.

Абдулхамит мәскеулік ЦСКА сапында өнер көрсететін қазақстандық Бақтияр Зайнутдиновтың ойын мәнері ұнайтынын жеткізді.

"Ал әлем футболына келсек, Месси бастаған "Барселонаның" жанкүйерімін. Оның алаңдағы әрекеті кез келгенді бейжай қалдырмасы анық", - деді Қызылорда облысының тумасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1891189-demeusi-kerek-kyzylordany-alys-auylyndagy-zigit-ispaniaga-sakyrtu-aldy/

pixel