Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүрінсе де еңсесін түсірмей мәреге бірінші жеткен қыз жұртты тәнті етті

Опубликовано:

Спортшы
Скриншот: People's Daily, China

Қытайдағы жарыстардың бірінде сегіз жасар қыз табандылығымен жеңіске жетіп, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қытай астанасы Бейжіңде конькимен жүгіру жарысына қатысқан сегіз жасар Ма Цзыхуэй дәл жарыс басталған сәтте абайсызда сүрініп қалады.

Десе де еңсесін түсірмей, жарысты жалғастырған жасөспірім қыз табандылықтың арқасында жеңіске жетуге болатынын дәлелдеп бере алды.

Бастапқыда сүрініп қалып, бәрінің соңында қалған ол бар күш-жігерін салып, қарсыластарын қуып жетеді.

Ал соңында, тіпті оларды басып озып, мәреге бірінші болып жетеді.

Бұл жайттың видеосын "People's Daily, China" атты YouTube парақшасы жария еткен. Видеоны тамашалаған желі қолданушылары Ма Цзыхуэйдің табандылығына тәнті болып, мақтауларын жаудырды.

"Мақсаттарыңа жету үшін барыңды салып, сеніміңді жоғалтпау деген осы", "Керемет", "Мақтауға тұрарлық", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін испаниялық триатлоншы өз жеңісін өзге спортшыға бере салып, көпшіліктің алғысына бөленгенін жазған едік.

Одан бөлек, күрестен Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында қарсыласына ерекше құрмет көрсеткен спортшы жанкүйерлердің қошеметіне бөленгенін хабарлаған болатынбыз.

Балуан жарақат алған қарсыласын кілемнен көтеріп шығарып, оқырмандар мен жанкүйерлер оның бұл әрекетін жоғары бағалаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1891308-srinse-de-esesin-tsirmesten-zeisti-zlyp-algan-zetkinsek-zrtty-tnti-etti/

pixel