RU

2020 жыл қорытындысы бойынша қазақстандық үздік 10 боксшы

Фото
Фото: instagram.com/gggboxing

2020 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылардың "ондығына" кіретіндердің тізімі ұсынылды деп хабарлайды Sports.kz.

BoxRec рейтингі бойынша үздік қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің ондығы:

1. Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) — 373.1

2. Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) — 29.84

3. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) — 28.17

4. Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) — 16.74

5. Жанібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) — 15.31

6. Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) — 11.57

7. Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) — 10.82

8. Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) — 8.485

9. Бобиржан Момынов (12-0, 8 КО) — 8.281

10. Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) — 8.078.

Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1891984-2020-zyl-korytyndysy-bojynsa-kazakstandyk-zdik-10-bokssy/