Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады (видео)

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Rich Polk/Getty Images for Chivas Regal

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин желідегі парақшасында оқырмандарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Құттықтау сөзін оның Instagram парақшасынжа жарияланған.

"Жаңа 2021 жыл құтты болсын! Happy New Year! С Новым годом!" - дейді чемпион.

Головкин оқырмандарына мықты денсаулық, бақыт пен табыс тілеген.

Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

Айта кетсек, 2020 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылардың "ондығына" кіретіндердің тізімі ұсынылды.

BoxRec рейтингі бойынша үздік қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің ондығы:

1. Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) — 373.1

2. Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) — 29.84

3. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) — 28.17

4. Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) — 16.74

5. Жанібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) — 15.31

6. Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) — 11.57

7. Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) — 10.82

8. Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) — 8.485

9. Бобиржан Момынов (12-0, 8 КО) — 8.281

10. Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) — 8.078.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1891990-gennadij-golovkin-kazakstandyktardy-zaa-zylmen-kttyktady-video/

pixel