Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каратэден Қазақстан құрамасының бас бапкері қайтыс болды

Опубликовано:

Жасталап Санауов
Жасталап Санауов. Фото: prosports.kz

Каратэден Қазақстан құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов 55 жасында өмірден өтті. Қайғылы хабарды өзінің Facebook парақшасында Ерлан Қарин хабарлады.

Ол танымал бапкердің өмірден өткеніне біразға дейін сене алмағанын жасырған жоқ.

"Жасталап Санауов қазақстандық каратэ қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болды. Көптеген жылдар бойы ол Қазақстан каратэ-до федерациясын басқарды, әлемге әйгілі Jk Fan каратэ журналының республикалық нұсқасын шығарды. Оның арқасында Қазақстанда беделді халықаралық турнирлер өтті", - дейді Қарин.

Ол Санауовты халықаралық қауымдасықтың сыйлағанын атап өтті. Қарин Жасталап Санауовтың Дүниежүзілік каратэ-до федерациясының Атқару комитетіндегі ТМД елдерінен шыққан алғашқы және жалғыз өкілі болғандығын айтты.

"Бір ай бұрын біз оны федерация атынан мемлекеттік наградаға ұсынғымыз келді. Жасталап алғысын білдіріп, бас тартты. Бірақ ол чемпионды өңірлердегі бапкерлер дайындайтынын айтып, соларды ұсынуды өтінді", - дейді ол.

Жасталап Санауов жастайынан спортпен шұғылданған. Ол каратэ-до-дан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, КСРО-ның 3 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Еуропа және Әлем чемпионы.

11 жыл ішінде Санауов каратэ-додан Қазақстан Федерациясын басқарған.

Қазақстан Каратэ-до федерациясы да ресми сайтында көңіл айтты.

"Дүниежүзілік каратэ федерациясы WKF Атқарушы комитетінің мүшесі Жасталап Санауовтың өмірден өткенін естігенде қатты қайғырды. Осы спорт түрінің Азиядағы ең ірі өкілдерінің бірі және Қазақстандағы каратэ тұлғасы Жасталап Санауов бейсенбі күні қайтыс болды", - делінген ресми сайтта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1892007-karateden-kazakstan-kramasyny-bas-bapkeri-kajtys-boldy/

pixel