Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшылар Кубаға аттанады

Опубликовано:

Боксшы
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстандық боксшылар Куба астанасы – Гавана қаласында алдағы Токио Олимпиадасына дайындығын пысықтайды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың қатарында ұлттық құрамаға мүше және резервтегі былғары қолғап шеберлері бар. Соңғы ел біріншілігінде көзге түскен бірқатар жастар да аталған жиынға шақырту алған.

Боксшыларды оқу-жаттығу жиынына Ғалымбек Кенжебаев, Нұрлан Ақүрпеков, Мырзағали Айтжанов және Асқар Еркебаев сынды бапкерлер бастап барады. Мамандар екі құрам бойынша спортшылар дайындығын таразылайды.

Куба еліндегі жиынға Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов, Сәкен Бибосынов, Айбек, Нұрбек Оралбайлар, Саматәлі, Санатәлі Төлтаевтар және басқа да спортшылар барады. Оқу-жаттығу жиынын қаңтар айының ортасынан бастап соңына дейін созылады.

Қлттық құрама сапындағы бірқатар қазақстандық боксшылар жаттығу өткізу үшін АҚШ-қа аттанды. Олардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Василий Левит, Бекзат Нұрдәулетов, Закир Сафиуллин сынды боксшылар бар.

Еске салсақ, шетелдік жанкүйерлер Токио-2020 олимпиадалық және паралимпиадалық ойындарына міндетті екпесіз мен карантинсіз қатыса алатыны туралы жазған болатынбыз.

Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры Тоширо Муто жанкүйерлер үшін қауіпсіздік шаралары 2021 жылдың көктеміне дейін әзірленетінін айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1892915-kazakstandyk-bokssylar-kubaga-attanady/

pixel