Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық футбол клубының директоры мезгілсіз қайтыс болды

Опубликовано:

Марқұм Ерлан Бөтембаев
Марқұм Ерлан Бөтембаев. Фото: instagram.com/fcokzhetpes

"Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасында өмірден өтті. Қайғылы хабар клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

"Оқжетпес" футбол клубының ұжымы "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Дүйсенұлы Бөтембаевтың мезгілсіз қайтыс болуына қатты қайғырады. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Футбол клубы жетекшінің өлім себебін жария етпеген.

Ерлан Бөтембаев көкшетаулық командаға 2018 жылдың ақпанында басшылыққа келген. Оған дейін ол басқа спорттық ұйымдарда жұмыс істеген.

Еркін күрестен спорт шебері атанып, жауынгерлік джиу-джитсудан қара белбеудің алғашқы дан "сенсейіне" ие болған.

Ол жұмыс істеген кезеңде "Оқжетпес" Бірінші лигага қайта оралған. 2019 жылы команда Премьер-лигада жетінші орын алды. Бұл клуб тарихындағы ең үздік жетістік болған.

Еске сала кетсек, каратэден Қазақстан құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов 55 жасында өмірден өткен еді.

Жасталап Санауов жастайынан спортпен шұғылданған. Ол каратэ-до-дан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, КСРО-ның 3 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Еуропа және Әлем чемпионы.

11 жыл ішінде Санауов каратэ-додан Қазақстан Федерациясын басқарған.

"Дүниежүзілік каратэ федерациясы WKF Атқарушы комитетінің мүшесі Жасталап Санауовтың өмірден өткенін естігенде қатты қайғырды. Осы спорт түрінің Азиядағы ең ірі өкілдерінің бірі және Қазақстандағы каратэ тұлғасы Жасталап Санауов бейсенбі күні қайтыс болды", - делінген Каратэ-до федерациясы да ресми сайтында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1893299-kazakstandyk-futbol-klubyny-direktory-kajtys-boldy/

pixel