Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада жеңімпазы Ниджат Рахимов допинг дауына ілікті

Опубликовано:

Ниджат Рахимов
Фото: instagram.com/nijat.raximov

Ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық спортшы Ниджат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілді. Бұл турлы РИА Новости Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Рахимов 2016 жылы сараптамаға жіберілген несебін ауыстырды деп айыпталуда.

Дәл осындай айыппен 2017 жылғы Еуропа чемпионы, румыниялық Думитру Каптари де жарыстардан шеттетілді.

Айта кетейік, Ниджат Рахимов Рио-де-Жанейро өткен Олимпиадада 77 келіге дейінгі салмақта жеңіске жеткен еді. Ол осы салмақта 2015 жылы әлем чемпионы атанды.

Ауыр атлет допинг дауына алғаш реті ілігіп отырған жоқ. 2013 жылы тамызда ол допингке қарсы ережені бұзғаны үшін спорттан екі жылға шеттетілген болатын.

Еске салсақ, бұған дейін допинг дауына ілінген отандасымыз Бауыржан Исламханды екі жылға футболдан шеттетілген еді.

Бұл жайттан кейін спортшы көпшілікке мәлімдеме жасаған болатын. Ол спорт режимін бұзбағанын айтып, жанкүйерлерден өзін қолдауын өтінген.

"Менің сынамамда метилгексанамин өте төмен концентрацияда табылды, тек 90 нг/мл, бұл осы затты абайсызда қолдануды анық көрсетеді. Мен спорттық мансабымда ешқашан допинг қолданған емеспін немесе спорттық режимді бұзған емеспін, сондықтан мұның бәрі мен үшін есеңгірететін жағдай болды", - дейді Бауыржан Исламхан.

Оның айтуынша, метилгексанаминді көбінесе бодибилдерлер бұлшықет массасын өсіру үшін қолданады. Алайда мұның футболшыларға берер еш пайдасы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1894439-olimpiada-zeimpazy-nidzat-rahimov-doping-dauyna-ilikti/

pixel