Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегі сағат нешеде басталады

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов ufc
Фото: ufc.com

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Жалғас Жұмағұлов жақын арада UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол Дастин Пуарье және Конор Макгрегормен бір күнде жұдырық түйістіреді.

Жекпе-жек UFC 257-де 24 қаңтарға қараған түні өтеді.

Sports.kz-тің хабарлауынша, бұл алдын ала жекпе-жектер топтамасына жоспарланған және шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен 05:15-те басталады.

Еске салсақ, қазақстандық спортшының UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі жеңіліспен аяқтаған болатын.

Турнирдің төрешілері осындай шешім қабылдаған. Жеңіл салмақтағы бразилиялық Раулиан Пайвамен болған жекпе-жек қазақстандық спортшы үшін жеңіліспен аяқталды. Бұл жұдырық түйістіру Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі дебюті болды.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте жеңіс төрешілер шешімімен бразилиялыққа берілді. Шешім өте даулы болды.

Оған қоса, UFC президенті Дана Уайт қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың қатысуымен өткен турнирдегі төрешілер алқасының жұмысын сынға алып, өз наразылығын білдірген еді.

Кейін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC 251 турнирінде бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілуіне не себеп болғанын айтып берген болатын.

Сонымен қатар, өткен жылы UFC-дегі қазақстандық файтер промоушндегі екінші қарсыласының жазбасына қатысты пікір білдірді.

Албази "Жалғас Жұмағұлов, мен саған келе жатырмын" деп жазып, болашақ қарсыласын қорқытпақ болған. Фотода жекпе-жек шебері қолына қару ұстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1895130-zalgas-zmaglovty-zekpe-zegi-sagat-nesede-bastalady/

pixel