Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат "Найман" қарсыласын 50 секундта нокаутқа түсірді (видео)

Опубликовано:

Қуат Найман
Фото: prosports.kz

"Найман" лақап атымен танылған Қуат Хамитов Ресейдегі аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирінің бірінші раундында қарсыласы Максим Пантелеевты нокаутқа түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хамитов ресейлік файтер Максим Пантелеевке қарсы жұдырықтасып, оны 50-ші секундта ауыр нокаутқа түсірді. 

Осылайша, "Найман" өзінің кәсіби мансабындағы 20-шы жеңіске қол жеткізді. 

Айта кетерлігі, қазақстандық "жауынгердің" алдымен Магомед Магомедовпен, кейіннен Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығатыны хабарланды.

Алайда кездесуге санаулы сәттер қалғанда оның қарсыласын ауыстырып жіберген.

Естеріңізге сала кетсек, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың 25 қыркүйегінде өткізген еді. Отандасымыз ресейлік қарсыласы Ахмад-Хан Боковты алғашқы раундта жеңді.

Осылайша спортшы кәсіби мансабындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізген болатын.

Қуат Хамитов Ресейдегі жеңісін марқұм даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровке арнады.

Сонымен қатар, жақында "Найманға" қатысты сот отырысы кейінге қалдырылғаны белгілі болды.

Себебі ол сот отырысына келмеген.

Алмалы аудандық сотының мәліметінше, ММА файтеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) іс қаралып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1895243-kuat-najman-karsylasyn-45-sekundta-nokautka-tsirdi-video/

pixel