RU

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші кездесуінде жеңіліс тапты

Жалғас Жұмағұлов
Жалғас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC 257 турнирінде шведтік Амир Альбазиға қарсы өткізген кездесуде жеңіліп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептеліп, судьялардың шешімімен Альбазидің жеңісімен аяқталған.

Айта кету керек, қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-де жеңілістен бастаған.

Оның алғашқы жекпе-жегі өткен жылдың жазында өткізілген. Сол кезде төрешілердің шешімен бразилиялық Раулина Пайведен ұтылған.

Бұл кездесу Амира Альбази үшін де екінші жекпе-жек болып отыр. Бірінші кездесуіне канадалық Майкл Гордонды бірінші раунда жеңген.

Айта кетейік, "Найман" лақап атымен танылған Қуат Хамитов Ресейдегі аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирінің бірінші раундында қарсыласы Максим Пантелеевты нокаутқа түсірді.

Еске салсақ, аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов жақында әлемнің ең әйгілі промоушені UFC ұйымымен келісімшарт жасауы мүмкін.

Әлеуметтік желілердегі суреттеріне қарағанда Оспанов қазір UFC өкілдерін дайындайтын UFC Performance Institute институтында жүр. Сонда аралас жекпе жек шебері ұйым басшыларымен келіссөз жүргізуі әбден мүмкін.

Оған қоса, қазақстандық үздік файтерлердің бірі Арман Әшімов UFC-мен келісімшартқа отырған туралы жазған едік.

Бұл жайлы Arlan MMA Pro Team командасының жаңадан сайланған басшысы Дархан Бәкенов мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1895319-zalgas-zmaglov-ufc-degi-algasky-kezdesuinde-zeilis-tapty/