Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилиялық төрт футболшы және клуб президенті әуе апатынан қаза тапты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Бразилиялық"Пальмас" клубының президенті мен төрт ойыншысы ұшақ апатынан көз жұмды. Әуе апатынан ұшқышта қаза тапқан деп хабарлайды Eurosport.ru.

Қайғылы хабарды футболдан Бразилияның төртінші дивизионында өнер көрсететін клуб өкілдері әлеуметтік желіде растаған.

Әуе апаты Порту-Насьональдағы жеке әуежайдан ұшқаннан кейін көп ұзамай жергілікті уақыт бойынша шамамен таңертеңгі сағат 8-де болған.

Салдарынан клуб президенті Лукас Мейра, футболшылар Лукас Пракседес, Гильерме Ноэ, Рануле және Маркус Молинари, сондай-ақ "командир Вагнер" деген атпен танымал ұшқыштың да көз жұмғаны белгілі болды.

Айта кетейік, команда Гоянаға "Вила-Нова" клубына қарсы Копа Верде турнирінің матчына ұшып бара жатқан.

Қайғылы жағдайдан хабардар болған "Вила Нова" клубқа қол ұшын беруге дайын екендігін хабардар етті.

Сондай-ақ, бірнеше жыл бұрын көптеген ойыншысынан айырылған "Шапекоэнсе" командасы да клубқа қолдау білдірді. Оларға "Фламенго" және "Сан-Пауло" сияқты белгілі клубтар да қосылды.

Айта кетейік, 2016 жылдың қараша айында "Шапекоэнсе" командасы отырған ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Бортта 77 адам болған еді.

Еске сала кетсек, таяуда Индонезияда Boeing 737-500 ұшағы апат болды.

Апат кезінде балықшылар теңізден екі жарылыс естіген. Кейінірек ұшақтың сынықтары, жолаушылардың денесі табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1895417-brazilialyk-trt-futbolsy-zne-klub-prezidenti-ue-apatynan-kaza-tapty/

pixel