Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ел сенімін ақтамадым": Жұмағұлов UFC-дегі екінші жеңілісінен соң мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық MMA шебері Жалғас Жұмағұлов UFC- дегі екінші жеңілісіне қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол өз ойын Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өз сөзінде Жалғас Жұмағұлов екі жеңілістен соң да өзіне сенуді тоқтатпаған жанкүйерлеріне алғыс айтудан бастады.

"Бәріңізге белгілі, менің UFC 257 турниріндегі екінші кездесуім менің пайдама шешілген жоқ. Әлі күнге дейін маған қолдау білдіріп, сенім артып жатқан әрбір азаматқа айтар алғысым шексіз. Сенімді ақтамағаныма қарамастан, қолдайтын пікірлер жазып жатқандар, сіздерге де көп рақмет",- деп жазды ол.

Сондай-ақ, Жалғас өз хейтерлеріне жауап беріп, иығынан ауыр жүк түскендей сезімде екенін айтты.

"Хейтерлерге де рахмет. Ой-пікірлеріңізді айту - сіздердің құқыларыңыз. Мүмкін мен өзіме көп сенім артқан шығармын, өз еліңнің атынан мұндай ұйымда өнер көрсету - үлкен жауапкершілік",- деді қазақстандық.

Сондай-ақ, Жұмағұлов UFC-дегі өз кездесулерінің көңілге қонымсыз нәтижелеріне өкінетінін айтты.

"Өз елімнің сенімін ақтамағаныма өкінемін. Қолымнан келгенін жасадым, бар күшімді салдм, өз халқымды қуантқым келді. Бірақ, бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Демек, бұл Алланың қалауы",- деді файтер.

Жазба соңында спортшы болашаққа жоспарын айтып, сәтсіздіктерден кейін жігері сөне қоймағанын түсіндірді.

"Организмім шаршады. Ал алда қалай әрекет ететініме сенімді болу үшін күшімді жинауым керек. Өзіме артылған сенімді ақтауға тырыстым. Түрлі сынақтар болады. Бірақ, осы сынақтардан өтіп, мықты болып ораларыма сенемін. Тоқтамаймын, өз күшімді жинап, дәлелдеймін!",- деді Жұмағұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1895645-el-senimin-aktamadym-zmaglov-ufc-degi-ekinsi-zeilisinen-so-mlimdeme-zasady/

pixel