Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегінде ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды (видео)

Опубликовано:

Садриддин Ахмедов
Фото: .instagram.com/sadriddin_____soq

Садриддин Ахмедовтің Мексиканың Куэрнавака қаласында өткен жекпе-жегі барысында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды деп хабарлайды Sports.kz.

Отандасымыз қазақтың шапанын киіп, көк туды желбіретіп шаршы алаңға шыққанда ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранының орнына Канаданың гимнін қойған.

Боксшы жекпе-жек аяқталған соң ұйымдастырушыларға өзінің назын айтқан.

"Ұйымдастырушылар әнұранды шатастырып алды. Олар менің Канадада жаттығатынымды ескеріп, сол елдің намысын қорғайды деп ойласа керек", - дейді Садриддин.

Айта кетейік, отандасымыз өзінің титулдық жекпе-жегін Мексиканың Куэрнавака қаласында голландиялық Стивен Даньоға (17-3-3, 6 КО) қарсы өткізді.

Жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа созылып, төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Садриддин Ахмедов бірден үш белбеуді (WBC Francophone, WBA Continental және NABF) иеленіп, кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді.

Алайда тағы бір отандасымыз өзінің чемпиондық атағынан айырылды. Әңгіме Бейбіт Шүменов жайында.

Боксшы ұзақ уақыт бойы титулын қорғамауынан WBA Regular тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылып отыр.

Бұл атақ бельгиялық Рияд Мерхиге берілді. Ол ауыр салмақта WBA тұрақты әлем чемпионы деп жарияланды. Рияд келесі жекпе-жегін кубалық Джуниер Дортикосқа қарсы өткізуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1896504-sadriddin-ahmedovti-zekpe-zeginde-jymdastyrusylar-kazakstan-nranyn-satastyryp-aldy-video/

pixel