Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының Алматыда өтуі керек болған жекпе-жегі өтпейтін болды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шықпайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті жанкүйерлер! Өкінішке орай 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсете алмайтын болдық. Жаттығу барысында Жәнібек жарақат алып қалды.

Құдай қаласа барлығы дұрыс болса, көктемнің соңы жаздың басында QAZAQ STYLE-ды рингтен көретін боласыздар!

Жеңісте қуанған сіздердің қиындықта да қолдайтындарыңызды білеміз! Біз сіздермен бірге әлі әлемді шулатамыз, бұйырса!", - деп жазды боксшының командасы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға 10 қазанда шықты.

Ол аргентиналық қарсыласы Гонсало Корияны екінші раундта нокаутқа жіберді. Соның арқасында боксшы WBO рейтингінің үздік үштігінен көрінді.

Еске сала кетейік, жеңіліп көрмеген тағы бір отандасымыз Жанқош Тұраровтың рингке қай күні оралатыны және келесі қарсыласының кім екені белгілі болды.

Боксшының келесі жекпе-жегі 12 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтпек. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы британдық Тайрон Маккенна.

Ол 21 жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапқан. Ал Жанқош мансабында 24 рет жеңіске жеткен.

Сонымен қатар "Парсыдан шыққан дағыстандық" лақап атымен танымал ирандық файтер Мохаммед Хейбати қазақстандық Мұратбек Қасымбаймен реванш үшін 8 миллион рубль (шамамен 44,5 миллион теңге) сұрап отыр.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Мұратбек Қасымбай Мәскеуде өткен AMC Fight Nights 99 турнирінде Мохаммед Хейбатиге қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалған еді.

Қазақстандық спортшының командасы төрешілердің даулы шешімімен келіспеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1897032-znibek-limhanlyny-almatyda-tui-kerek-bolgan-zekpe-zegi-bolmajtyn-boldy/

pixel