Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік БАҚ Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегі өтетін күнді атады

Опубликовано:

Фото
Фото: sports.kz

ESPN Deportes Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жектер трилогиясының соңғы бөлігі биылғы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін екенін хабардар етті деп хабарлайды Sports.kz.

Алайда қазақстандық былғары қолғап шеберінің мексикалық спортшы Хайме Мунгиямен мамыр айында жоспарланған кездесуінде басым түсуі бұның міндетті шарты болып отыр.

Аталған жекпе-жек жеңімпазы шаршы алаңда Сауль Алвареспен қарсы шығу мүмкіндігін айтарлықтай арттыратыны белгілі болды.

"Егер Генадий Головкин (Мунгиямен кездесуде) жеңсе, қыркүйек айында "Канеломен" үшінші жекпе-жектің өткізілуіне қол жеткізеді, ал егер Хайме жеңсе, бұл келешекте Сауль Альвареске қарсы шыға алатын жаңа жұлдыздың жанғаны", - деді спорт журналисті Сальвадор Родригес.

Генадий Головкин-Хайме Мунгия арасындағы айқастың өткізілуіне боксшылардың тараптары да, DAZN стримингтік қызметі де қызығушылық танытып отыр.

Еске кетейік, жеңіліп көрмеген тағы бір отандасымыз Жанқош Тұраровтың рингке қай күні оралатыны және келесі қарсыласының кім екені белгілі болды.

Боксшының келесі жекпе-жегі 12 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтпек. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы британдық Тайрон Маккенна.

Ол 21 жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапқан. Ал Жанқош мансабында 24 рет жеңіске жеткен.

Сонымен қатар "Парсыдан шыққан дағыстандық" лақап атымен танымал ирандық файтер Мохаммед Хейбати қазақстандық Мұратбек Қасымбаймен реванш үшін 8 миллион рубль (шамамен 44,5 миллион теңге) сұрап отыр.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Мұратбек Қасымбай Мәскеуде өткен AMC Fight Nights 99 турнирінде Мохаммед Хейбатиге қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалған еді.

Қазақстандық спортшының командасы төрешілердің даулы шешімімен келіспеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1897358-seteldik-baq-golovkin-kanelo-usinsi-zekpe-zegi-otetin-kundi-atady/

pixel