Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикалық боксшы Головкинмен келісе алмаса Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін

Опубликовано:

Канат Ислам
Канат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгия осы жылдың мамыр айында жекпе-жек өткізу жөнінде өзара келісімге келе алмады деп хабарлайды Boxingscene.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген көрмеген мексикалық боксшы орта салмақтағы үшінші кездесуін сәуір айының ортасына дейін өткізуді жоспарлауда. Ал оған лайықты қарсылас ретінде отандық боксшымыз Қанат Исламның есімі аталған.

Мексикалық былғары қолғап шеберінің командасы Қанат Исламмен келіссөз жүргізіп жатқанын, алайда әліде Генадий Головкинмен жұдырықтасуға басымдылық беретінін жасырмады.

Айта кетсек, Қанат Ислам өткен жылы шаршы алаңға көтерілген жоқ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы 16 қазан күні АҚШ-та рингке шығады деп күтілген. Алайда бұл жекпе-жек кейінге шегерілді.

Боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылы қазан айында өткізген болатын. Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өткен айқаста Қанат Ислам Намибиядан келген Вальтер Каутондоквадан басым түсті.

Үш төреші де жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Қанат үшін бұл кәсіби мансабындағы 27-жеңісі еді. Ал Вальтер Каутондоква мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.

Еске кетейік, жеңіліп көрмеген тағы бір отандасымыз Жанқош Тұраровтың рингке қай күні оралатыны және келесі қарсыласының кім екені белгілі болды.

Боксшының келесі жекпе-жегі 12 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтпек. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы британдық Тайрон Маккенна.

Ол 21 жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапқан. Ал Жанқош мансабында 24 рет жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1897440-meksikalyq-belgili-bokssy-golovkinmen-kelise-almasa-qanat-islammen-zudyryqtasuy-mumkin/

pixel