RU

Әйгілі Мұхаммед Әлиді жеңген боксшы қайтыс болды

Мұхаммед Әли мен Леон Спинкс
Мұхаммед Әли мен Леон Спинкс. Фото: Walt Disney Television via Getty Images

Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Леон Спинкс АҚШ-та 67 жасында қайтыс болды. Ол кезінде әйгілі Мұхаммед Әлиді жеңген еді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Боксшы жұма күні Лас-Вегас қаласында дүниеден озды. Ол бес жыл бойы қатерлік ісікпен күрескен.

"Леон көптеген дертке қарсы тұрды, оның жүзінен ешқашан күлкі кеткен емес. Ол нағыз Спинкстерге тән мінезді көрсетіп, ешқашан орамалды тастаған емес (бокста орамалды рингке тастау жеңілісті мойындау болып табылады – ред.)", – деді боксшының әйелі.
Леон Спинкс
Леон Спинкс. Фото: Gabe Ginsberg/Getty Images

Спинкстер отбасы – АҚШ-тағы аса танымал боксшылар әулеті. Оның негізін қалаған Леон мен Майкл 1970-80-жылдары әлем чемпионы болды. Леон 1978 жылы Мұхаммед Әлиді жеңіп, WBC және WBA титулдарын иеленген еді. Бірақ бұл титулдың қуанышын ол жеті ай ғана көрді. Реванш жекпе-жекте Әли оны қайтарып алды.

Майкл Джинкс Спинкс 1981-1985 жылдары бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық атағын ешкімге бермеді. Ал 1986 жылы IBF тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын иеленді. Ол спорттық мансабын 1988 жылы аяқтады. Өмірінде тек Майкл Тайсоннан ғана жеңілген.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгия осы жылдың мамыр айында жекпе-жек өткізу жөнінде өзара келісімге келе алмады.

Жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген көрмеген мексикалық боксшы орта салмақтағы үшінші кездесуін сәуір айының ортасына дейін өткізуді жоспарлауда. Ал оған лайықты қарсылас ретінде отандық боксшымыз Қанат Исламның есімі аталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1897707-aigili-muxammed-alidi-zengen-bokssy-qaitys-boldy/